» » Ардагерге құрмет көрсетілді

Ардагерге құрмет көрсетілді

Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге, одан бөлек ел басқаруға арнаған сара жолдың иесі. Өмірлік тәжірибесінде, қызметтік сатысында Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Сәбит Отызбайұлына құрмет көрсетілді.
Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейінде өткен жиында аудан әкімінің орынбасары бастаған бірқатар ел зиялылары мен ардагерлер, білім қызметкерлері жиналды.
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» дегендей алдыңғы толқынның үлгілі ісі кейінгіге мұра. «Сырдың сырбаз азаматы» атанған ардагер ұстаз 75 жастың төріне шығып, құрмет-қошеметке бөленді. Аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көркем бимен көзайымға айналды. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы, тұғыры биік тұлғаның өмір жолына және білім саласы мен аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы болып, тәжірибелі маман ретінде өз қызметін абыроймен атқарған еңбек жолдарына тоқталып өтті. Сонымен қатар басқосуда аудан әкімінің құттықтау хаты мен құрмет грамотасын табыстап, сый-сыяпат жасады.
Шарада сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық білім бөлімінің бас маманы Н.Бахадурова, ардагер Ж.Жакеев, Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов т.б. азаматтар құттықтап, мерейтой иесіне құрметін білдірді.

06 шілде 2022 ж. 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 871
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30