» » Тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді


Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскерінің Тәжікстан-Ауғанстан шекарасынан шығарылғанына 20 жыл толуына орай Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жандос Еркінбекұлы, облыстық Тәжік-Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Орынбайұлы, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Рүстем Маматұлы және жауынгер ардагерлер қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев Тәжік-Ауған шекарасында басын қатерге тігіп, қайтпас қайсарлықтың, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен ардагерлерге алғысын білдіріп, олардың ерліктерін жастарға насихаттауды жалғастыра беретінін айтып, әрі қарай аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында облыстық Тәжік-Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Орынбайұлы, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Р.Тұрғанов ардагерлерді 20 жылдық мерекелерімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
Іс-шара соңында жауынгер ардагерлер аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыс жоспарлары бойынша ұсыныс-тілектерін жеткізді.

20 қазан 2021 ж. 1 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30