» » Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Омаров Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.
Кездесуде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы «Кеңес дәуірінің тарихында ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Қармақшылық азаматтарда Отан алдындағы Интернационалдық борышын абыроймен адал атқарып, от пен оқтың ортасында жүріп, қанды шайқаста батылдық пен еріктің өшпес өнегесін көрсетті. Өздеріңіздің ерлікке толы қаһармандық істеріңіз жастарымызға үлгі бола беретініне сенімдемін. Ауған соғысы құрбандары мен ардагерлерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың парызы»,-деді.
Басқосуда «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесі»қоғамдық бірлестігінің төрғасы Асқар Ерманов сөз алып, Ауған соғысының тарих қатпарында ерекше оқиға ретінде сақталатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, кездесуге шақырып, құрмет білдіріп, ілтипат танытқан аудан әкімінің орынбасарына алғысын жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы жауынгер-интернационалистердің ерлігін ұлықтап, жастардың бойына патриоттық сезімнің қалыптасуына қосқан үлестері үшін Ауған соғысының бір топ ардагерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Сонымен бірге Ауған жерінде азаматтық борышын өтуде қаза болған жерлестеріміздің отбасына сый-құрмет көрсетті.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 ақпан 2021 ж. 1 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 834
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 556

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930