» » Қармақшыда ауған соғысы құрбандарын еске алды

Қармақшыда ауған соғысы құрбандарын еске алды


Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 32 жыл толып отыр.
Осы орайда Жосалы кентіндегі «Жастар» саябағында орналасқан Ауған соғысының құрбандарын еске алуға арналған тағзым алаңында ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.
Шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы, Ауған соғысының ардагерлері мен жастар қатысты.
Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Қ. Есдәулетов, «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Ерманов сөз сөйлеп Ауған жерінде от пен оқтың ортасында жүріп, интернационалдық борышын орындаған азаматтардың ерліктері мәңгі сақталатынын жеткізді.
Жиын соңында Ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына ауданның бас имамы Жақсыбек Әбенов құран бағыштады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 ақпан 2021 ж. 1 045 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728