» » Ауған ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілуде

Ауған ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілуде

Қызылордада жыл сайын ауған ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мәселен биыл әр ардагерге 87510 теңге көлемінде қаржы қаралып, 10 ақпаннан бастап төленуде. Биыл Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына - 32 жыл. Аймақта ауған соғысына қатысқан 592 ардагер бар. Бүгінде олар әртүрлі салада еңбек етеді.


- Ауған ардагерлеріне мемлекет тарапынан ай сайын 17 мың теңге мөлшерінде арнайы жәрдемақы төленіп отыр. Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қосымша қолдау ретінде 2012 жылдан бастап жылына бір рет 30 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Бұған қоса, мүгедек ардагерлерге шипажайға жолдама қарастырылады, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрімов. 
Өңірде 15 ақпан күні Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында «Тағзым алаңы» аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі және еске алу митингісі ұйымдастырылып, құран бағышталатын болады.

13 ақпан 2021 ж. 811 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 008
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 683

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031