» » Қызылордалық соғыс ардагерлеріне арнайы материалдық көмек беріледі

Қызылордалық соғыс ардагерлеріне арнайы материалдық көмек беріледі

Қызылордада ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек беріледі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлағандай, біржолғы көмек сәуір айынан бастап төленеді, - деп хабарлайды syrboyi.kz
Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында тағайындалып отырған 600 мың теңгеден астам жәрдемақы ортамызда жүрген 20 ардагерге тиесілі. Одан бөлек, соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі мен әскери қызметі үшін орден-медаль иеленген 52 тыл ардагеріне 179 500 теңгеден төленеді. Тылда кемінде жарты жыл тер төккен еңбеккерлергее, қайтыс болған соғыс ардагерлерінің қайтадан некеге тұрмаған жұбайларына 100 мың теңгеден үлестіріледі. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның облыстық филиалы ұсынған тізімге сәйкес қаржы сәуір айынан бастап олардың есепшотына аударылады.
– Бүгінде қарт майдангерлер тобының Нұр-Сұлтан және Мәскеу қалаларында өтетін мерекелік шараларға қатысу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Осы мақсатта 4,9 миллион теңге бөлінді. Жүріп-тұру шығынын мемлекет көтереді, – дейді басқарма басшысының орынбасары Алтын Есқараева.
05 ақпан 2020 ж. 860 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930