» » Көп балалы отбасыларға жаңа жәрдемақы беріледі

Көп балалы отбасыларға жаңа жәрдемақы беріледі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.ақша
Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі. Айта кетейік, ведомство атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды.
Солардың бірі – көп балалы отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелері мемлекет ұсынған жұмысқа орналасуы тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Қазір елімізде 340 мыңнан астам көп балалы отбасы бар.
"Көп балалы отбасыларға олардың табысын ескермей, тек отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған жәрдемақы түрі енгізілетін болады. 4 бала болса – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63657 теңге, 7 және одан да көп баласы барларға  – 74 388 теңге төленеді.
"2018 жылдың 1 қаңтарына дейін арнаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған отбасыларға бұл автоматты түрде жүргізіліп жатыр. Ал 2018-2019 жылдары көп балалы болған отбасыларға өтініштің электронды түрі тағайындалып, тек осы азаматтардан қол қою рәсімдері және құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ана мен баланы қолдау басқармасының басшысы Ғалия Жабағина.
02 қаңтар 2020 ж. 1 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 112

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 135

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930