» » 42 мыңнан 73 мыңға дейін: Барлық көпбалалы аналарға жәрдемақы төленеді

42 мыңнан 73 мыңға дейін: Барлық көпбалалы аналарға жәрдемақы төленеді

qarmaqshy-tany.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылға дейін АӘК есептеудің жаңа ережелерін үкіметке таныстырды. АӘК-тен бөлек, барлық көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу ұсынылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдегі атаулы әлеуметтік көмек механизміне түзетулер енгізілмекші.
Енді ол үш топқа бөлінеді - көпбалалыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылғандарға арналған АӘК және балаға кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы.
"АӘК-нің қазіргі механизмі түзетіледі. Көпбалалы отбасылар мемлекет қорғауында қалады. Егер мемлекеттік жәрдемақы алатын көпбалалы отбасы аз қамтылған дәрежесінде қалған жағдайда, онда ұсынылған заң жобасына сәйкес АӘК тағайындалатын болады", - деді министр.
Бала санына байланысты көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы: 42 500 теңге - 4 балалы отбасыларға, 53 125 теңге - 5 балалы отбасыларға, 63 750 теңге - 6 балалы отбасыларға, 73 370 теңге - 7 балалы отбасыларға.
Егер бұл жәрдемақы отбасылардың аз қамтылған дәрежесінен шығуына жетпесе, онда қосымша АӘК беріледі. 
07 қазан 2019 ж. 1 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 091

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930