Батырларды еске алды
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай Жастар саябағында ауған соғысында қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған митингі өтті. Аталған шарада қорғаныс істер бөлімінің басшысы Р.Тұрғанов, аудандық «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ерманов сөз сөйлеп «Ауған соғысының аяқталғанына 31 жыл толғанымен, сол бір зұлмат жылдардың қайғы-қасіреті әлі де болса көптің көкейінде.
Себебі, талай отбасын қан жылатқан сол соғыста біреу ұлынан, енді біреу асыл жарынан, ал біреулер әкелерінен айырылды. Сондықтан қыршын кеткен боздақтардың ерліктеріне тағзым етіп, құрмет көрсету – біздің міндетіміз» деп атап өтті.
Шара барысында Ауған соғысының ардагерлері мен жастар Жосалы кенті орталығындағы Ауған соғысында қаза тапқан батырларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Арнайы деректерге сүйенер болсақ, облыс бойынша соғысқа қатысқан 860 адамның 20-сы қаза тауып, 28-і мүгедек болып оралды.
Қармақшы ауданынан Ауғанстан жеріндегі соғысқа 87 азамат аттанған болса, үшеуі майдан даласында қаза тапты.
Ауған соғысында ерлігімен көзге түскен жерлестерміз Роман Досаев, Данабек Нұрмаханов, Мархабай Сандыбаев «Қызыл жұлдыз» орденімен, Бақытжан Оспанов, Қуаныш Ниязбаев, Әділ Жұмағұлов, тағы басқа азаматтарымыз «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен еріктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің ерлігі өшпес өнеге.