» » Аудандық қауымдастықтың ІІІ слеті өтті

Аудандық қауымдастықтың ІІІ слеті өтті

ЖОСАЛЫ, 27 қараша - qarmaqshy-tany.kz Мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттықтық тәрбие құрамында қалыптастыру бағдарламасы аясында №80 мектеп-гимназиясында 26 қараша күні тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Абдикадиров, Ж.Еспаеваның және мектеп тәлімгері Ф.Нұрабекованың, «Адал ұрпақ» ұйымының жетекшісі А.Шаймерденнің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық қауымдастығының ІІІ слеті өтті. Аудандық слетке Төретам кенті ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нағметов Амитулла ағай, 2013- 2019 оқу жылдарында мектеп басшысы, қазіргі таңда ардагер ұстаз Алиева Райхан апай, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын апай қатысты. Іс- шара жоғары деңгейде өткізілді. Адал ұрпақ ұйымына мектебіміздің үздік 20 оқушысы қабылданды.Шара барысында рухани бай, жан- жақты дамыған дарынды оқушыларымыз өнерлерін көрсетті. Аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен 8 «А» сынып оқушысы Жұмабекова Жұлдыз, 10 «А» сынып оқушысы Асылханова Арайлым, 8 «А» сынып оқушысы Роман Ақбота және ұстаздарымыз К.Алдажарова, М.Жайлашева, А.Шаймерден марапатталды.
27 қараша 2019 ж. 1 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930