» » «Адал ұрпақ»

«Адал ұрпақ»

Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының белсенді мүшелерімен аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлымен кездесу а.ж. 31 мамыр күні Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепте өткізілді. Тұғыры биік тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін адалдығымен атсалысатын жас азаматтарды тәрбиелеу және қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында ұйымдастырылған кездесу өте жақсы өтті. Кездесу «Адал ұрпаққа» байланысты №26 мектеп оқушылары монтажбен басталып, «Адал ұрпақ» клубының 2018 – 2019 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Мейрамбекова Алданыш таныстырды. №26 мектептің 9 сынып оқушысы Мағжан Әбдіразақұлы «Адай» күйімен көмкерсе, №107 мектеп оқушысы 8 сынып оқушысы Сағыныш Еркінқызы Базар жыраудың өсиетін орындады. Олимпиада жеңімпаздарына аудан әкімінің алғыс хаты және «Айқанат» пәндік олимпиадасының республикалық кезеңіне өткен оқушыларға сертификат табысталды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық қауымдастығының Үндеуін Ә.Егізбаев атындағы №121 мектептің 10 сынып оқушысы Боханова Гүлжахан таныстырды. Аудан әкімі Сұлан Ысқақұлына бір күндік жұмыс жоспары, басшылық қызметті бала кездегі арманы ма екендігін т.б. сұрақтар қойылып, мазмұнды, мағыналы сұхбат өтті. Аудан әкімі балаларға өз тілегін айтып, біліммен қаруланып, тәрбиелі болып өсу керектігін жеткізді. Игі жұмыстар жалғасын таппақ.

01 маусым 2019 ж. 1 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930