» » «ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»

«ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі мен аудандық білім кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Оқушылар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берген ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін ұлықтау және кейінгі ұрпаққа өнеге ету.

Мерекелік шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы ардагер ұстаздарды айтулы мерекемен құттықтап, олардың білім саласына сіңірген еселі еңбегіне алғысын білдірді.

Кеш барысында 70, 75, 80 және 85 жас мерейтойларын атап отырған сала ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.

Мерекелік бағдарлама барысында ән-шашу ұйымдастырылып, ардагерлерге арнайы сый-құрмет табысталды. Сонымен қатар «Ұстаздың ұлы жолы – естелік сәт» атты тағылымды бөлімде ардагерлер ұстаздық жолы, еңбек тәжірибесі, шәкірт тәрбиесі және жас ұстаздарға берер ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Шара соңында ардагерлер кейінгі ұрпаққа ақ батасын беріп, естелік суретке түсті.

Ардагер ұстаз – ұрпаққа өнеге, елге құрмет. Олардың өнегелі жолын ұлықтау – кейінгі буынның парызы.

04 қазан 2026 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031