ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!
1 қазан – Қарттар күніне орай мектебімізде ардагер ұстаздарымыздың басын қосқан тағылымды әрі жүрекке жылы мерекелік кездесу ұйымдастырылды.
Саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнап, мектебіміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлеріміз арнайы қонақ ретінде шақырылып, оларға құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараның ерекше сәттерінің бірі – мектебімізде жаңадан жабдықталған «Ардагерлер бөлмесінің» салтанатты ашылуы болды. Бұл бөлме – ардагерлеріміздің өнегелі еңбек жолына көрсетілген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығы мен ұстаздық дәстүрдің айқын белгісі.
Жаңа бөлменің ашылу лентасын «Әділет» партиясының аудандық хатшысы Ғалымжан Ақжігітов пен еңбек жолын мектебіміздің директоры қызметінде абыроймен аяқтап, зейнет демалысына шыққан ардагер ұстазымыз Мұнарбаева Гүлжахан салтанатты түрде қиды.
Кездесу барысында ардагерлерімізге ізгі тілектер айтылып, олардың білім саласындағы елеулі еңбегі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі ерекше атап өтілді.
Құрметті ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, әрдайым ортамыздың ақылшысы болып жүре беріңіздер!
Қартын қадірлеген елдің қазынасы мол, ардагерін ардақтаған ұрпақтың болашағы жарқын!

















