» » АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРДЫ АРДАҚТАУ - ІЗГІ ДӘСТҮР

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРДЫ АРДАҚТАУ - ІЗГІ ДӘСТҮР


Ұрпақ тәрбиесінің ұйытқысы болып, қоғамның берекесін арттырып отырған ардақты аналарға деген құрмет – халқымыздың киелі дәстүрінің бір көрінісі. Осыған орай көктемнің шуағымен бірге келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымыздың ардақты аналары мен ақ жаулықты әжелеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары Шыңғыс Сыдықов, Самат Смағұлов және Диас Молдабаев ауданға қарасты барлық елді мекендерді аралап, ардагер аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Тағылымды кездесу барысында аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, құрмет көрсетілді. Сондай-ақ саналы ғұмырын еңбекке арнап, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан аналардың өнегелі өмір жолы мен ел бірлігіне қосқан еңбегін де ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде ақ жаулықты аналар көрсетілген ілтипатқа ризашылықтарын білдіре отырып, ақ баталарын берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 наурыз 2026 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930