» » ҚАРМАҚШЫДА АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АЯУЛЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА АРДАҚТЫ АНАЛАР МЕН АЯУЛЫ АРУЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек «Руханият» орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген ардақты аналар мен аяулы аруларды қабылдап, құрмет көрсетті.

Мерекелік жиында аудан басшысы әйелдер қауымының тек отбасының ұйытқысы ғана емес, мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандар екенін атап өтті.

Шара барысында ауданның әртүрлі саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Сонымен қатар, әудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева мен Қармақшы ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнар Бадырақ сөз алып, әйел-аналарға көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Кеш соңында аудан өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

07 наурыз 2025 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 082
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031