Құрылтай
» » «Әйел-ана, әйел-ару, әйел-гүл» атты аудан әкімінің мерекелік қабылдауы өтті

«Әйел-ана, әйел-ару, әйел-гүл» атты аудан әкімінің мерекелік қабылдауы өтті

qarmaqshy-tany.kz 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының мерекелік қабылдауы өтті.
Мерекелік жиынға аудандық әжелер ансамблінің мүшелері мен ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысып жүрген бірқатар ардақты аналар мен қыз-келіншектер қатысты.
Аудан басшысы алғы сөзінде әйелдер қауымы қашанда отбасының ұйытқысы және береке-бірліктің бастауы екенін айта келе қасиетті Қармақшы елінің жеңістері мен жетістіктеріне әйелдердің де сіңірген еңбегі орасан зор екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, «Ұлағатты әже» атты облыстық өнер фестивалінде ерекше өнерлерімен дараланып, байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алған әжелер ансамблінің жарқын жеңістерімен және жиынға жиналған барша әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Мұнан соң, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман, аудандық әжелер ансамблінің Үрліхан Қожахметова және қоғам белсендісі Гүлсім Арыстанбаева іс-шараға қатысушы əзиз əжелер мен ардақты аналарды мерейлі мерекесімен құттықтады.
Мерекелік іс-шаралар барысында аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу-шашып, ардақты аналарға арнайы арнау айтылып, нәзік-жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
07 наурыз 2023 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 515
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 999

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031