Нәзік жандарға ілтипат
qarmaqshy-tany.kz 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ «СІЗДЕР ҮШІН, МАХАББАТПЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ. БҰЛ МЕЙІРІМДІЛІК ПЕН СҰЛУЛЫҚТЫҢ, ДАНАЛЫҚ ПЕН РУХАНИ ҚУАТТЫЛЫҚТЫҢ САЛТАНАТ ҚҰРҒАН КҮНІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ АЯУЛЫ АНАЛАР МЕН ҚЫЗКЕЛІНШЕКТЕР ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ.
Мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымының мерейі еселене түсті. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
Алғашқы сөздің тізгінін аудан әкімі Жандос Еркінбек алып, нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады.
– Сіздерді жыл басы көктеммен бірге келген айшықты мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әйел-ана – әдеміліктің символы, әлемнің тірегі. Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл, абзалы деген құрметке лайықсыздар. Осы мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаттық тілеймін, – деді ол.
Мұнан соң түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен аналар, қыз-келіншектер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Кеш соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне жалғасты.
«Қт» ақпарат
https://www.instagram.com/p/CpeYQScKDL2/?utm_source=ig_web_copy_link