Құттықтау!

Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ақ жаулықты әже, асыл ана, аяулы аруларымыздың төл мерекесі. Сондықтан 8 наурызды мейірім мен сұлулықтың күні деп қабылдаймыз.
Әйелдер қауымы қашанда отбасының ұйытқысы және берекебірліктің бастауы екені сөзсіз. Сіздер ұрпақ тәрбиелеу арқылы тұтас ұлтты тәрбиелейсіздер. Сол арқылы елдің болашағын қалыптастыруға тікелей үлес қосып келесіздер.
Халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөзінің терең мән-маңызы бар.
Бүгінде әйелдер қауымы отбасылық құндылықтарды сақтаумен бірге, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қызмет, бизнес сияқты барлық салада өте белсенді. Соған сәйкес, қоғамда әйел азаматтардың рөлі айтарлықтай арта түсті.
Ауданда мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдеріміз аз емес. Кез келген істе әйелдердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі айқын аңғарылады.
Осы тұста қасиетті Қармақшы елінің жеңістері мен жетістіктеріне әйелдердің де сіңірген еңбегі орасан екенін ерекше атап өткім келеді.
Қымбатты әйелдер қауымы!
Бүгінгі мейраммен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларыңызға амандық тілеймін! Әрдайым көктемдей құлпырып жүре беріңіздер. Мереке құтты болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
07 наурыз 2023 ж. 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 117

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930