» » Өмірдің гүлі, көңілдің нұры, арулар мәңгі жасасын!

Өмірдің гүлі, көңілдің нұры, арулар мәңгі жасасын!


АНА – ШЕКСІЗ МЕЙІРІМГЕ, НӘЗІКТІК ПЕН ШАПАҒАТҚА ТОЛЫ БІРТҰТАС ӘЛЕМ. БІЗДІҢ АНАЛАР МЕН АРУЛАР – ТЕК ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ ҒАНА ЕМЕС, ОЛАР БҮКІЛ ҚОҒАМДЫ АЛҒА СҮЙРЕЙТІН, ЕЛДІҢ БІРЛІГІН КҮШЕЙТЕТІН, БЕРЕКЕСІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ.
Оған аудандағы сан салалы әлеуметтік-экономикалық өмір мен мемлекеттік саясатта белсенді қызмет етіп жүрген әйелдер дәлел. Бізде басшылық лауазымды атқаратын әйелдердің саны ұлғайған. Мәселен, 2 ауыл әкімі және 1 аудан әкімдігінің бөлім басшысы ретінде әйел азаматшалар қызмет атқарады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттарындағы әйел саны 30 пайызға көтеріліп, қазір 3 азаматша депутаттық қызметте. Кәсіпкерлік саласында да әйелдің үлесі басым. Аудандағы кәсіпкерлер саны – 3317 болса, оның 44,2 пайызын әйелдер қауымы құрайды екен.
Қош. Күнделікті жұмыстағы қауырт тірлік пен отбасы, ошақ қасындағы күйбең тіршілікті қатар алып жүрген аудандағы бірқатар қыз-келіншектер марапат төрінен көрінді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Сіздер үшін, махаббатпен!» атты мерекелік жиында әйелдер қауымын құттықтау үшін алғашқы сөз аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұлдызхан Ерқосаевқа берілді.
– Әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі өмір бесіктің, тәй-тәй тағдырдың, жастық жалынның, дүние танымның мерекесі. Елімізде аналарға жасалған құрмет, көрсетілген қошемет, ана сөзінің абырой асқақтығын танытып келеді. Бүгінгі мереке – аналар мерекесі, адамзаттың ең ұлы мерекесі. Құрметті әйелдер қауымы, ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы қыз-келіншектер мерекелеріңіз құтты болсын! – деді ол ақ тілегін ақтара.
Салтанатты іс-шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы­на атсалысып жүрген бірқатар нәзік­жандылар облыс әкімі Г.Әбдіқалықова­ның және аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Ерқосаевтың алғыс хатымен марапатталды. Іс-шара соңы аудандық мәдениет үйі ұжымының мерекелік концертіне ұласты.
Иә, әлди әуенін әуелеткен, «Ана» деген ұлы есімге мейірім шуағын төккен, «Ана» сөзін жүрегімен жаттаған, ана мейірімін ақ сүтімен ақтаған, ар адалдығын кірлетпеген, жер бетіндегі тіршіліктің өзегін жалғаған, ұрпағына құндақтаулы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі, арулар мерекесі құтты болсын!
Айнұр ӘЛИ
06 наурыз 2022 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031