» » Өнегелі отбасыларға құрмет көрсетілді

Өнегелі отбасыларға құрмет көрсетілді

Бүгін отбасы күніне орай аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы аудандағы үлгілі отбасыларды қабылдап, мерейлі мерекемен құттықтады. Айтулы мерекенің еліміз үшін айрықша маңызы туралы сөз қозғап, үлгілі отбасыларға аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Мерекелік шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Раева Күлжауһар сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдіріп, марапат төрінен көрінген отбасылардың өнегелі өмір жолдары келешек ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Шара соңында аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу-шашып, жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 қыркүйек 2023 ж. 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930