» » Қармақшыда Тәжік-Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қармақшыда Тәжік-Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан ардагерлерді құрмет көрсету іс-шарасы өтті.

Жиынға ауданнан Тәжік-Ауған шекарасының жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарға қатысушылар, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагерлер, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Аудан басшысы жиынның алғы сөзінде Тәжік-Ауған шебінде бітімгершілік мінддеттерін адал атқарып, көрсеткен айбынды ерліктері үшін алғысын жеткізіп, жауынгер ардагерлерге арнайы «Тәжік-Ауған шекарасындағы қызметі үшін» мерекелік медалімен марапаттап, алғыс хаттар табыстап, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Одан соң, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.

Құттықтау легін Тәжік – Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың аудандық бірлестік төрағасы Жанболат Қосқожаев жалғастырып, іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған азаматтарға ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында аудан өнерпаздары іс-шараның шырайын ән мен күймен өрнектеп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

​https://www.instagram.com/p/CrGNmlnNDoV/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
16 сәуір 2023 ж. 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031