» » Патриоттық тәрбиенің тағылымы мол

Патриоттық тәрбиенің тағылымы мол



Жақында аудандық қорғаныс істері бөлімінде тәжік-ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Оған бөлім бастығы Рүстем Тұрғанов, бөлім бастығының орынбасары Әлихан Балманов, жұмылдыру бөлімшесінің инспекторы Айжан Асанханова және ардагерлер қатысты. Жиынның басты мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беруге үлес қосудағы ардагерлердің атқарар рөлін айқындау. Жиын туралы сөз қозғамас бұрын тарихқа үңілсек.
Тәжікстанда 1992 жылы басталған азаматтық соғыс кезінде тәжік-ауған шекарасындағы қауіпсіздік босаңсыды. Ауған содырлары шекара арқылы есірткі мен қару-жарақ тасыған. Шекара бұзған қарулы топтарға тосқауыл қою мақсатында бітімгершілік операциясы жүргізілді. 1993 жылдың 15 сәуірінде ҚР Жоғарғы Кеңесінің «Тәжік-ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күшейту туралы» қаулысымен саны 500 адамға жететін жеке құрама атқыштар батальоны құрылды. Сегіз жылға созылған қақтығыс алаңында он мыңға жуық қазақстандық әскери борышын өтеген. Оның арасында біздің жерлестеріміз де бар. Осы уақыт аралығында 25 қармақшылық шекара шебінде азаматтық парызын атқарған.
Биылғы жыл осы азаматтар үшін жақсы жаңалықпен толықты. Мамыр айында ардагерлерге арналған заң жаңа бөліммен толықты. Онда Ұлы Отан соғысының және оларға теңестірілген ардагерлерге ауған, таулы Карабах, тәжік-ауған соғыстарының ардагерлеріне мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін болды. Сондай-ақ, арнаулы жәрдемақы мен түрлі дәрежедегі әлеуметтік көмек беріліп, тұрғын-үй мен жер учаскелерін алуда дәрігерлік емделу мен салық төлеу бағытында да біраз жеңілдіктер қарастырылған.
Заңға сәйкес ауданда Мұрат Жұмабай мен Шынтас Нұрмановтың бастамасымен облыстық ұйымның филиалы ашылып, сол маңда әскери борышын өтеген азаматтар іздестірілді. Өмір ағынымен сан-салада еңбек етіп жүрген 12 адам жинақталды. Олардың құжаттары қажетті жерге өткізілді. Нәтижесінде ардагер статусын заңды түрде иеленді.
Жиында қатысушылар өзара ой бөлісіп, пікір алмасты. Бірлесе жұмыс жүргізу арқылы атқарылар істің ауқымын жүйеледі. Іс-шарада сөз алған Мұрат Жұмабай бөлім жұмысына ризашылығын білдірді.
– Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған бұл жағдай расымен де барлығымызға жақсы әсер етті. Сонау тоқсаныншы жылдары мемлекеттер арасындағы келісім шарт аясында соғыс оты ушығып тұрған жерде әскери борышымызды өтедік. Біз тәжік-ауған шекарасында болған оқиғаның барлығын біздің өскелең ұрпақ білсе дейміз. Сол арқылы жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, отаншылдық сезімін арттыруға үлес қоса аламыз, – дейді ардагер.
Бөлімде жан-жақтан жиналған ел ағаларына құрмет көрсетіліп, олардың фотосуреттері арнайы тақтаға ілінді. Мұны көрген жас өреннің Отан алдындағы парызын өтеуге ықыласының артары анық.


Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)




21 желтоқсан 2020 ж. 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930