» » Мектепте ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

Мектепте ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

   ЖОСАЛЫ, 14 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне 31 жыл толуына орай 2020 жылдың 12 ақпан күні Омар Шораяқұлының атындағы мектептің АӘД пәнінің мұғалімі Бостанов Қуаныш пен аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері Бақтыбаев Әзірбек Ілиясбекұлының ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
    Шараға Ауған соғысы ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерманов Асқар Байдуллаұлы, ауған соғысының ардагері Жалмағамбетов Әбутәліп Нәбиұлы, және Қармақшы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы капитан Турганов Рүстем Моматович мырзалар қатысып, тақырып аясында әскери патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік туралы әңгімелер қозғаса, мектеп директоры Дүйсенбаев Бауыржан Назарұлы шара барысын қорытындылап, қонақтарға шараға атсалысқандары үшін алғыс білдірді.
      Шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
14 ақпан 2020 ж. 2 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930