» » Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

qarmaqshy-tany.kz Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толып отыр.
Атаулы күнге орай кент орталығындағы «Жастар» саябағында Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым ету, еске алу іс – шарасы өткізілді.
Ең алдымен саябақта орналасқан ескерткішке гүл шоқтары қойылып, соғыс кезінде қайтыс болған боздақтарға құран бағышталды.
Тағылымды іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Қ.Есдәулетов, Қармақшы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы У.Балмановтар қатысты.
Одан соң, ауған соғысы ардагерлері аудан әкімі Жандос Еркінбектің қабылдауында болды.
Аудан басшысы ауған жеріндегі сұрапыл соғыстан елге аман-есен келіп, бейбіт күннің батырлары атанып, ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың қаһармандыққа толы қайсар ерліктері бүгінгі жас буынға үлгі – өнеге болып қала беретінін жеткізді. Сонымен қатар, бірқатар жауынгер ардагерлерге алғыс хаттар және ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің отбасына естелік сыйлықтар табыстады.
Кездесу барысында Вьетнам соғысының ардагері И.Бисенов және аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов ізгі лебіздерін білдірсе, аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы А.Ерманов аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

16 ақпан 2023 ж. 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031