» » Абзал аналарға құрмет көрсетілді

Абзал аналарға құрмет көрсетілді


qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбек 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ғұмыры ғибратқа толы ардақты аналардың шаңырағында болып, құрмет көрсетті.
Құрмет көрсету іс-шарасына Қармақшы ауданы әкімімен бірге Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, Қармақшы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева қатысты.
Қармақшы ауданы басшысы ең алдымен 100 жасқа толған еңбек ардагері Райхан Оспанованың шаңырағында болып, абзал анаға гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыстады. Қазақы дәстүр бойынша иығына ақ жаулық жауып, мерейлі мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Одан соң ұзақ жылдар бойы сауда саласында қызмет жасаған Қаршыға Махамашқызының және Иіркөл ауылындағы білім саласының ардагері Гүлшат Шалғынбайқызының шаңырағына арнайы барып, сый-сияпаттар табыстап, ізгі лебізін білдіріп, мерекесімен құттықтады.
Өз кезегінде ақ жаулықты аналар аудан басшысына және ардагерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, батасын берді.
Абзал аналарға құрмет көрсетіліп, оларға өздерінің тілектерін жаудырды.

https://www.instagram.com/p/CpcXQ5Rttk3/?utm_source=ig_web_copy_link
06 наурыз 2023 ж. 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 227
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031