» » АРДАГЕР АНАЛАРҒА АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

АРДАГЕР АНАЛАРҒА АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ


8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі түрлі салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Тағылымды кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжебек Таңбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов барып, ізгі лебіздерін білдірді.

Аудан басшысы алдымен тұтыну кооперативі саласының ардагері Катима Ормаханованың үйіне барып, ақжарма тілегін білдіріп, құрмет көрсетті.

Мерекелік құттықтау әрі қарай жұмыспен қамту саласының ардагері Айнагүл Тойбаразованың шаңырағында жалғасып, ардагер анаға еңбегі үшін алғыс айтып, мерекелік тілегін жеткізді.

Сондай-ақ көп жылдар бойы халық денсаулығын сақтау жолында еңбек еткен медицина саласының ардагері Үркия Тұрмағанбетова мен ұстаздық жолда ұзақ жылдар қызмет атқарған білім саласының ардагері Күнсұлу Науановаға да мерекелік лебіз білдіріліп, Алғыс хат табысталды.

Мерекелік сапар барысында Жандос Еркінбек ардагер аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты.

Ізгі ниетке толы кездесуде аяулы жандар көрсетілген құрметке өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 наурыз 2026 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930