» » Абзал аналарға құрмет көрсетілді

Абзал аналарға құрмет көрсетілді


Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбек 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ғұмыры ғибратқа толы ардақты аналардың шаңырағында болып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын табыстады.

Аудан басшысы ең алдымен 90 жасқа толған Көмекбаев ауылының ардагері Бәшенбай Қанатқызының шаңырағында болып, абзал анаға гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыстап, ізгі лебізін білдірді.

Одан соң ұзақ жылдар бойы Қуаңдария қой фермасында қызмет жасаған, 85 жасқа толған Қанзада Асанқызының және Ақтөбе ауылының білім саласының ардагері, 80 жасқа толған Айжан Бекілтайқызының шаңырағына арнайы барып, сый-сияпаттар табыстап, мерекесімен құттықтады.

Өз кезегінде ақ жаулықты аналар шынайы алғыстарын білдіріп, батасын берді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 наурыз 2024 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031