Құрылтай
» » АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ


Бүгін жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы топырағының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірқатар ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, мерекелік лебізін білдірді.

Ізгі шара барысында аудан басшысы медицина саласының ардагері Үмітжан Сариева мен білім саласының ардагері Талмаш Жұмабаеваға жаңа жылдық құттықтауын жеткізіп, ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ еліміз бен ауданымыз жеткен жетістіктері аға буынның қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атап, шынайы алғысын жеткізді.

Сонымен қатар Жандос Еркінбек 100 жасқа келетін тыл ардагері Алмагүл Кенбаеваға арнайы барып, ғасыр жасаған ардагерге ерекше құрмет көрсетті. Ел тарихы жолында ұрпаққа өнеге болған қарияға мерекелік лебізін білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Кездесу барысында ардагерлер елге қызмет етіп жүрген азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 желтоқсан 2025 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31