Конституция
» » Ардагерлерді мерекемен құттықтады

Ардагерлерді мерекемен құттықтады

qarmaqshy-tany.kz Жаңа жыл қарсаңында ауылдық округ әкімі Нұрлыбек Сайымов ардагерлерді мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Ауыл әкімімен бірге ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаров жүріп, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Алдымен ауыл әкімі еңбек ардагері Мурадин Мардиевтің үйіне барды. Жаңа жылда 85 жасқа толатын батагөй ақсақалды мерекемен құттықтап, аудан әкімі Ә.Ерсұлтановтың құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.
Өз кезегінде еңбек ардагері Мурадин ақсақал қазір ел-халықтың жағдайы жақсы екенін тілге тиек етіп, бейбіт күнге шүкіршілігін айтты. Құрмет көрсеткен ауыл әкіміне алғыс білдіріп, батасын берді.
Сондай-ақ, ауыл әкімі еңбек ардагері Б.Матаеваның, Ә.Әбеновтің және кітапханашы Р.Тұрманованың шаңырағына арнайы барып, аудан әкімінің құттықтауын табыс етті.
Мереке қарсаңында құрметке бөленген ардагерлер өз ризашылықтарын білдірді.
03 қаңтар 2023 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031