» » ӘЙЕЛ – АНА: МЕЙІРІМ МЕН КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮЙЛЕСІМІ

ӘЙЕЛ – АНА: МЕЙІРІМ МЕН КӨШБАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮЙЛЕСІМІ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.

Салтанатты іс-шара ұстаздардың еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету және көктем мерекесі аясында жылы лебіз білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Оған аудандағы барлық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Айта кетейік, жалпы ауданда 78 білім беру ұйымдары бар. Оның 62 білім беру ұйымын әйел азаматтар басқарады.

Мерекелік кеш барысында бөлім басшысы Берік Съездұлы педагогикалық салада аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарды мерекемен құттықтап, олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі өлшеусіз еңбегіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында басшылық қызметте жүрген әйел-аналарға құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалды.

Шара барысында әйелдердің қоғамдағы орны, ұстаздық жолдағы жауапкершілігі мен еңбегі кеңінен айтылып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды.

Осындай тағылымды әрі мазмұнды мерекелік кездесу әйел азаматтардың еңбегіне деген құрметті арттырып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
07 наурыз 2026 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30