Топ-баннер
Топ-баннер2
» » «ӘЙЕЛ - АНА. ӘЙЕЛ - АРУ. ӘЙЕЛ - ГҮЛ»

«ӘЙЕЛ - АНА. ӘЙЕЛ - АРУ. ӘЙЕЛ - ГҮЛ»

Көктем – табиғаттың жаңарып, айналаға шуақ пен жылулық сыйлайтын ерекше мезгіл. Осы бір көркем маусыммен қатар келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де адамзат баласына мейірім мен ізгіліктің көрінісіне айналған мереке. Осыған орай Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әйел – Ана. Әйел – Ару. Әйел – Гүл» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы сөз сөйлеп, барша әйел азаматшалар қауымын мерекемен құттықтап, ауданның дамуына қосып жүрген еңбегін ерекше атап өтті.

«Қазақ – ел болып, халық болып қалыптасқаннан бері әйел азаматын ерекше қадірлеп, құрмет көрсетуді берік дәстүрге айналдырған ұлт. «Әйел – шаңырақтың берекесі» деген ұғым осы сөзіміздің дәлелі. Бүгінде нәзік жандылар тек отбасының берекесін келтіріп қана қоймай, ел дамуына да белсене атсалысып келеді. Сондай-ақ ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардақты аналардың өнегелі жолы – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Түрлі қызметте жауапкершілік жүгін көтеріп жүрген, өз кәсібін дөңгелетіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беріп жүрген арулардың еңбегі ерекше құрметке лайық»,- деп атап өтті.

Сонымен қатар әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар нәзік жандыларға облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Кемел келешегімізді нығайтып жүрген әйелдер қауымына арналған мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кеш барысында туған жердің талантты өнерпазы Нұржан Шөмекей ән шашуын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ сахна төрінде аудан өнерпаздары әсем әндер шырқап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында көрермен қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың жүрек тебірентер «Ана туралы жыр» әнін бірге орындап, анаға деген ыстық ықыластарын да білдірді.

Тағылымы мол мерекелік шарада нәзік жандылар өз ризашылықтарын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

07 наурыз 2026 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 574
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 367

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031