» » АНА - ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК КӨКТЕМ

АНА - ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК КӨКТЕМ

Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – жүректегі мәңгілік көктем» атты мерекелік шара өтті.

Бұл кеш – ұстаздарға деген шексіз құрмет пен алғыстың, мейірім мен махаббаттың мерекесіне айналды.

Аталмыш іс-шарада білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы, әсіресе білім саласындағы орны ерекше екенін атап өтті. Педагогтардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегін жоғары бағалап, барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.

Мерекелік кеш барысында білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарға облыс әкімінің алғысы, білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталары мен аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Сондай-ақ, өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер мен әсерлі қойылымдар мерекелік кештің көркін қыздырып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

07 наурыз 2026 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031