» » ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ - ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ - ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ


Мектеп табалдырығын аттаған талай шәкіртке білім беріп, өмір жолына бағыт сілтеген ардагер ұстаздардың өнегесі қазіргі буын үшін қашан да қымбат.

Бүгін 5 қазан - Ұстаздар күніне орай аудан әкімі Жандос Еркінбек білім саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, мыңдаған шәкіртке тәлім берген ардагер ұстаз, сынып жетекшісі Феруза Базарбаеваның шаңырағына арнайы барып, мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында аудан басшысы ардагер ұстаздың жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еселі еңбегіне ризашылығын білдіріп, болашағымызға қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Сондай-ақ Феруза Базарбаеваға зор денсаулық, отбасының амандығын тілеп, арнайы құрмет көрсетті.

Жылдар өтсе де, ұстаздың берген білімі мен айтқан ақылы, жүрекке жаққан жылы сөзі шәкірт жадында сақталып қала береді. Өз кезегінде ұлағатты маман иесі көрсетілген құрметке алғысын айтып, ақ батасын берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 қазан 2026 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30