» » ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ҚҰРМЕТ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ҚҰРМЕТ

Ұстаз еңбегі – ұрпақ жадында қалатын тағылым. Сондықтан бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен саналы ғұмырын білім саласына арнап, талай шәкірттің өмір жолына бағыт-бағдар берген ардагер ұстаз Дәмелі Жалғасбаеваның 75 жас мерейтойына орай арнайы қабылдау өтті.

Мерейтой иесін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қабылдап, аудан әкімі Жандос Еркінбектің ақжарма тілегін жеткізді.

Қабылдау барысында:

«Адам ғұмырының қадірі – артында қалдырған ізінде. Сіздің саналы ғұмырыңыз білім саласының дамуына және елге қызмет етуге арналды. Ұстаз деген ұлы мамандықты абыроймен атқарып, талай шәкірттің білім жолында өз бағытын табуына үлес қостыңыз. Ауданымызда Сіздің есіміңіз білікті ұстаз, іскер басшы, кейінгі буынға бағыт-бағдар берген тағылымды жан ретінде жоғары құрметпен аталады», – деді Диас Асылбекұлы.

Қабылдауда Дәмелі Қожахметқызының ел алдындағы елеулі еңбегі лайықты бағаланып, аудан әкімінің арнайы «Құттықтауы» табысталып, дәстүрге сай құрмет көрсетілді.

Мерейтойлық кездесуде аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева, білім саласының ардагері Роза Тынымбаева сөз сөйлеп, мерейтой иесіне ізгі лебіздерін білдірді.

75 жас – ғибратты ғұмыр мен толымды еңбектің мерейлі белесі. Бүгінде ұстаздық жолдағы еселі еңбек, шәкіртке берген білім мен тәрбие – жылдар өтсе де өзінің мәнін жоғалтпайтын асыл мұра. Осындай ұлы есімді абыроймен алып жүрген Дәмелі Қожахметқызы да кездесуде қуанышын жеткізіп, көрсетілген құрметке өз алғысын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 тамыз 2026 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930