» » ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ЖОЛҒА ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ЖОЛҒА ҚҰРМЕТ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің міндетін атқарушы Диас Молдабаевтың төрағалығымен ауданымыздың кәсіпкері Марал Тлегенованы құрметті демалысқа шығуына орай арнайы қабылдау өтті.

Марал Кеңесқызы еңбек жолын 1984 жылы шаштараз мамандығынан бастап, кейінгі 30 дан астам ғұмырын кәсіпкерлік саласына арнаған. Осы жылдар ішінде өз кәсібін қалыптастырумен қатар, аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етті. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қайырымдылық шараларына тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

– Сіздің еңбек жолыңыз – маңдай термен, табандылықпен қалыптасқан өнегелі жол. Жылдар бойы кәсібіңізді абыроймен жүргізіп, аудан тұрғындарына қызмет етіп келесіз. Еңбегіңізбен кейінгі буынға үлгі болдыңыз. Елге сіңірген еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Алдағы зейнеткерлік кезеңіңіз берекелі де бақытты болсын, – деді Диас Асылбекұлы.

Қабылдауда мерейлі жас иесіне аудан әкімінің «Құттықтауы» табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Ізгі тілектерін білдірген аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудан кәсіпкері Алтынбек Демесінов белгілі кәсіпкердің азаматтық болмысы мен еңбек жолына жылы лебіздерін жеткізді.

Ал Марал Кеңесқызы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, аудан басшылығына және әріптестеріне алғысын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 тамыз 2026 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 854
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930