» » ӨНЕГЕЛІ ӨМІРДІҢ 75 ЖЫЛЫ

ӨНЕГЕЛІ ӨМІРДІҢ 75 ЖЫЛЫ


Аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықовтың төрағалығымен ауданның «Құрметті азаматы» Шегебай Құндақбаевтың 75 жасқа толуына арналған салтанатты қабылдау өтті.

Шегебай Құндақбаев ұстаздық қызметтен бастап, мектеп басшысы, білім саласының әдіскері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық газет редакторы секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, ауданның әлеуметтік-рухани дамуына зор үлес қосқан. Сонымен қатар қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, әр жылдары түрлі жауапты қызметтерде еңбек етіп, ел сеніміне ие болды. Зейнеткерлік кезеңінде де қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ауданның дамуына қызмет етіп келеді.

Салтанатты жиында Шыңғыс Әбділәмитұлы мерейтой иесін құттықтап: «Шегебай ағамыздың саналы ғұмыры – кейінгі ұрпаққа үлгі. Қай салада қызмет етсе де, жауапкершілік пен іскерліктің биік үлгісін көрсетті», – деп атап өтті.

Шара барысында мерейтой иесіне аудан әкімінің арнайы «Құттықтауы» табысталып, құрмет көрсетілді.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева және Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді.

Кездесу соңында Шегебай Құндақбаев көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, жиналған қауымға өз алғысын жеткізді.

Айта кетсек, Шегебай Құндақбаев этномәдени бағыттағы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, «Ұлт бірлігі-Қармақшы» қоғамдық бірлестігі арқылы ауданға әлеуметтік және мәдени нысандар әкеліп, халық игілігіне қызмет етуде. Сондай-ақ Қармақшы ауданының 80 жылдығына арналған «Қармақшы» кітабының шығуына үлес қосып, жырау Дүр Оңғар Дырқайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Жыр дүлейі – Дүр Оңғар» және Қуаңдария ауылына арналған «Құтты мекен – Қуаңдария» кітаптарын жарыққа шығарды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 сәуір 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 813
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 509

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930