» » ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Қуаңдария ауылдық клуб үйінде аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың қатысуымен 40 жылдан аса мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек еткен Баймаханова Салтанат Үсенқызының зейнет жасына жетуіне орай салтанатты шығарып салу шарасы өтті.

Салтанат Үсенқызы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1983 жылы заңгер мамандығын тәмамдап, еңбек жолын 1984 жылдан бастаған.

1986 жылдан бері Қуаңдария ауылдық кеңесі мен ауылдық округі әкімі аппаратында әртүрлі жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін ауылдық округ әкімі аппаратының әдіскері болып еңбек етті. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы Қуаңдария ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келді.

Қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев мерейтой иесінің көпжылдық еңбегіне, қоғам өміріндегі белсенділігіне тоқталып, ауылдың әлеуметтік дамуына қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ шарада зейнет адамына ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталды.

Сонымен қатар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ешмағамбет Дүйсебаев, зейнеткер Темірбек Сыдықов, ардақты аналар мен ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін жеткізді.

Өз кезегінде Салтанат Үсенқызы жиналған қауымға алғысын білдіріп, елге, ауылға қызмет ету – өмірінің үлкен мақтанышы болғанын атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930