» » Аудан әкімдігінде актив отырысы өтті

Аудан әкімдігінде актив отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айдын Серікұлының төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті.

Жиында Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2024 жылдың 4 тамызында өткен Қуаңдария ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындысымен ауылдық округ әкімі лауазымына сайланған Аймырзаев Ардақ Басқынбайұлы таныстырылды.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Ержанов құттықтау тілегін білдіріп, Қуаңдария ауылдық округінің әкіміне қызметтік куәлігін табыстады.

Одан кейін,аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов және ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков ізгі лебіздерін білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Ардақ Басқынбайұлы 1980 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген.

2013 жылы “Болашақ” университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 1997 жылы Қуаңдария өндіріс кооперативінің шөп бригадасында жұмысшы болып бастаған.

Одан кейінгі жылдары «МонтажСпецСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күзетші, Қуаңдария ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметтерін атқарған.

2021 жылдың 1 ақпаннан бастап бүгінге дейін Қуаңдария ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келді.

06 тамыз 2024 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930