» » Аудан әкімдігінде актив отырысы өтті

Аудан әкімдігінде актив отырысы өтті


qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекеме басшылары және кент, ауылдық округ әкімдері, шаруашылық төрағалары қатысты.
Мәжілісте аудан басшысы, «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС төрағасы Жалғасбаев Жомарт Жақсылықұлын асқаралы 63 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін «Қармақшы сушар» өндірістік учаскесінің басшысы қызметін атқарып келген Ерболат Бодыбаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты, алдағы жұмыстарына табыс тілеп, ауданда жемісті еңбек еткені үшін алғысын білдірді.
Одан кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан қос азаматқа аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес Қармақшы ауданының Құрмет грамотасы табыстады.
Сонымен қатар, жиын барысында «Қармақшы сушар» өндірістік учаскесінің жаңа басшысы Бәшенов Марат Қазақбайұлын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен аудандық маслихат төрағасы Әділ Қошалақов құтықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.

04 сәуір 2023 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930