» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды


Қармақшы ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары қызметіне Молдабаев Диас Асылбекұлы тағайындалды.

Диас Асылбекұлы —1983 жылы дүниеге келген.

2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Инженер - бағдарламашы» мамандығы, 2024 жылы Болашақ университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2005 жылы Қармақшы ауданы әкімі аппаратында компьютер маманы болып бастаған.

Одан кейінгі жылдары Қармақшы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2024 жылдың 1 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.


07 қазан 2025 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930