» » ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛҒАН БІЛІМ ДОДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


Ауданымызда Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Үсен Қошалақов атындағы «Ұстаз – ұлағаттың шайыры» тақырыбында математика пәнінен дәстүрлі ХVIII аудандық пәндік олимпиадасы өтті.

2007 жылдан бастау алған бұл олимпиада жыл сайын дәстүрге айналып, аудан жастарының математикалық қабілетін шыңдап, ардагер ұстаздың есімін ұрпақ жадында жаңғыртуда.

Олимпиада биыл да ардагер ұстаз ұзақ жылдар еңбек еткен А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы арнайы қатысып, атаулы күнмен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары:

– Тұрақты түрде өткізілетін шараға ардагер ұстаздың көзін көрген замандастарын, шәкірттерін қатыстыру бүгінгі күні жалғасын табуда. Оның ұрпақтары республика көлемінде жемісті еңбек етіп жүргендігінің өзі де ─ өнегелі өмірдің лайықты мұрагерлері екендігін білдіреді. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған тағылымды жарысқа өз алғысымды білдіріп, игі іс-шаралар жалғасын таба берсін,– деп атап өтті.

Шара барысында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар, іс-шараға арнайы шақырылған ардагер ұстаздар мен қазылық еткен азаматтар ізгі лебізін білдірді.

Жиын соңында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы сөз сөйлеп, олимпиаданы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде өткізіп жүрген ұстаздар қауымына алғысын білдірді.

31 қазан 2025 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930