Құрылтай
» » Қармақшыда математика пәнінен дәстүрлі ХV олимпиада басталды

Қармақшыда математика пәнінен дәстүрлі ХV олимпиада басталды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Үсен Қошалақов атындағы математикадан дәстүрлі ХV аудандық пәндік олимпиада басталды.

Олимпиаданың мақсаты-Ұлы Отан соғысының ардагері, ел ағасы, ұстаздардың ұстазы болған Үсен Қошалақовтың өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, өмір жолын насихаттау және оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

XV рет өткізіліп отырған игі бастама ауданымыздың алғыр да дарынды, білікті ұрпақтың өсуіне ұйытқы болмақ.

Үсен Қошалақов атындағы олимпиада өзінің ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып өткізілуде.

Бүгінгі ашылу салтанатында ұлағатты ұстаздың ұлы Қошалақов Әділ Үсенұлы мен №105 мектеп-лицей директоры Еркебаева Гүлзира Мұратбекқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
03 қараша 2022 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31