» » Қармақшыда Үсен Қошалақов атындағы олимпиада өз мәресіне жетті

Қармақшыда Үсен Қошалақов атындағы олимпиада өз мәресіне жетті


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Үсен Қошалақов атындағы математика пәнінен дәстүрлі ХVІ аудандық пәндік олимпиада өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагері, ел ағасы, ұстаз Үсен Қошалақовтың өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, өмір жолын насихаттау және оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген олимпиада А. Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.

Шын жүйріктер жарыс жолына түскен бүгінгі олимпиадаға 98 оқушы қатысып, білім бәсекесінде №105 мектеп-лицейінің оқушылары басымдық танытып бірінші орынды иеленді. Екінші орынды №277 мектеп оқушылары, үшінші орынды Ақтөбе ауылынан келген команда жеңіп алды.

Үсен Қошалақов атындағы математика пәнінен XVІ дәстүрлі аудандық олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінген барлық оқушыларға марапат пен арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

Шара соңында ұлағатты ұстаздың ұрпақтары олимпиаданы ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, барша жастарға математика ғылымының шыңын бағындыруды тіледі.

Ұлы адамдардың өмір жолдары қарапайым да мағыналы тарихи оқиғаларға толы болмақ. Кеңес дәуірі кезінде Мәскеудегі ғалымдардың өзін таңқалдырған тұлға Үсен Қошалақовтың өмір жолы жастарға өнеге, көпке үлгі болып қала береді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 қараша 2023 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930