Топ-баннер
» » Үсен Қошалақов атындағы математика пәнінен дәстүрлі XVІ олимпиадасы басталды

Үсен Қошалақов атындағы математика пәнінен дәстүрлі XVІ олимпиадасы басталды


qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Үсен Қошалақов атындағы математикадан дәстүрлі ХVІ аудандық пәндік олимпиада басталды.

Олимпиаданың мақсаты-Ұлы Отан соғысының ардагері, ел ағасы, ұстаздардың ұстазы болған Үсен Қошалақовтың өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, өмір жолын насихаттау және оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

XVІ рет өткізіліп отырған игі бастама ауданымыздың алғыр да дарынды, білікті ұрпақтың өсуіне ұйытқы болмақ.

Үсен Қошалақов атындағы олимпиада өзінің ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде ұйымдастырылып өткізілуде.

Бүгінгі ашылу салтанатында ұлағатты ұстаздың ұлы Қошалақов Әділ Үсенұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мәжитқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

03 қараша 2023 ж. 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 456
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728