Құрылтай
» » АЗАМАТТАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

АЗАМАТТАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ел игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген және азаматтық ерлігімен көпшілікке үлгі болған жерлестерге құрмет көрсетуге арналған салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен өткен жиында өңірдің рухани дамуына үлес қосқан тұлғалар мен адам өмірін сақтап қалған батыл азаматтардың еңбегі лайықты бағаланды.
Алдымен аудан басшысы белгілі сазгер, әнші әрі ұлағатты ұстаз Керекжан Құлмырзаевты мерейлі 70 жасымен құттықтады. Саналы ғұмырын білім беру ісі мен ұлттық өнерді дамытуға арнаған мерейтой иесінің шығармашылық және ұстаздық жолына тоқталып, өңірдің рухани өміріне қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтті. Аудан жұртшылығының атынан ізгі тілегін жеткізіп, мерейтой иесіне құрмет көрсетті.
Салтанатты жиында адам өмірін сақтап қалуда ерекше батылдық танытқан жерлестер де марапатталды. Астана қаласы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Салават Мұхамбетов пен Жосалы кентінің жағажай құтқарушысы Дәулет Орынбековке көрсеткен ерлігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін алғыс айтылды.
Аудан әкімі өз сөзінде мұндай ерлік – кәсіби міндетті адал атқарудың ғана емес, адам өміріне деген жанашырлық пен жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай игі істердің қоғамда адам өмірінің қадірін арттырып, жас ұрпақты батылдыққа, отансүйгіштікке және елге қызмет етуге тәрбиелеуде ерекше маңызға ие екенін жеткізді.
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, құрмет иелерінің еңбегі мен ерлігіне жоғары баға беріп, ақжарма тілектерін білдірді.
Өз кезегінде құрметке ие болған азаматтар көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, ел сенімін ақтау жолында адал еңбек ете беретіндерін жеткізді. Адал еңбек пен азаматтық жауапкершілікті дәріптеген мұндай тағылымды кездесулер қоғамда еңбек адамының беделін арттырып, елге қалтқысыз қызмет етудің маңызын айқындай түседі. Еңбегімен ел құрметіне бөленген, ерлігімен көпшілікке үлгі болған азаматтарды үлгі ету – өскелең ұрпаққа өнеге, қоғамның рухани тұтастығын нығайтатын игі дәстүр.
«ҚТ» ақпарат
21 шілде 2026 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 505
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 995

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031