Құрылтай
» » АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІНЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІНЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ


Өмірін білім саласына арнап, ел игілігі жолында ұзақ жылдар адал қызмет еткен азаматтарды ұлықтау – қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің директоры Бауыржан Назарұлы Дүйсенбаевты зейнеткерлікке шығару рәсімі өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек төрағалық етіп, көп жылғы адал қызметімен ел сеніміне ие болған азаматқа құрмет көрсетті.

-Бауыржан Назарұлы, 40 жылдан астам еңбек жолында ұстаздықтан бастап, Жосалы кенті әкімінің орынбасары, №250, №27, №30 мектептерінің директоры, аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерге дейінгі барлық кезеңде қажырлы еңбек еткен. Қай салада қызмет етсе де, басқарушылық тәжірибесін, ұйымдастырушылық қабілетін және халықпен, ұжыммен жұмыс істеудегі жоғары мәдениетін көрсете білді. Оның бастамалары мен шешімдері әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және қоғамдық сенімді қалыптастыруға бағытталды,- деді аудан басшысы.

Сонымен қатар Бауыржан Назарұлының Байқоңыр қаласындағы 5 ресейлік мектепті қазақстандық білім беру стандартына көшіру ісіне қосқан үлесі де ерекше атап өтілді.

Жиын барысында Жандос Еркінбек мерейтой иесіне ауданның ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасын табыстады.

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, білім саласының ардагері, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Дәмелі Жалғасбаева мен спорт және білім саласының ардагері Еркін Атабаев сөз сөйлеп, әріптестеріне ақ тілектерін жеткізді.

Іс-шара соңында сөз алған Бауыржан Дүйсенбаев өзіне көрсетілген құрмет пен ықылас үшін аудан басшылығына, әріптестеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 қаңтар 2026 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 637
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 096

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31