» » Абыройға бөленеген адал еңбек

Абыройға бөленеген адал еңбек

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы – ел дамуындағы маңызды белес. Бұл – мемлекетіміздің тәуелсіздігін тұғырлы еткен, демократиялық құндылықтарды баянды еткен тарихи құжаттың мерейлі межесі. Осы мерейлі дата аясында өңірлерде түрлі мазмұндағы игі шаралар ұйымдастырыл
ды. Соның бірі – Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен алқалы жиын.

Аталған басқосуға жауапты сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ел дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан азаматтарға Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі салтанатты түрде табысталды. Бұл – тек мемлекеттік қызметте емес, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өрісте де қажырлы еңбек еткен жандарға көрсетілген жоғары құрмет.

Салтанатты жиында марапат биігінен көрінгендердің қатарында ауданымыздың әкімі Жандос Еркінбекұлы да бар. Мемлекет тарапынан берілген бұл марапат әкіміміздің аудан дамуына сіңірген зор еңбегі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы жүйелі жұмысына берілген әділ баға.

Аудан басшысы Жандос Еркінбек тізгінді ұстағалы бері ауданда ауқымды жұмыстар мен маңызды жобалар сәтті жүзеге асуда. Инфрақұрылым жаңғырып, әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып келеді. Әсіресе, халықтың өмір сапасын арттыру бағытында қолға алынған бастамалар оң нәтижесін беруде. Бұл – бір ғана басшының емес, аудан халқының ортақ табысы, ұйымшыл еңбектің жемісі.

Ол өзінің фейсбук парақшасында осы марапатқа қатысты жүрекжарды пікірін былайша жеткізді:
– Мерекелік медалін алу – үлкен жауапкершілікпен қатар, ел алдындағы қызметімізге берілген жоғары баға деп қабылдаймын. Бұл марапат – жеке еңбектің емес, Қармақшы ауданындағы ауызбіршілікке негізделген, бірлескен еңбектің нәтижесі. Сондай-ақ ауданымызда болып жатқан оң өзгерістер – тек басшылықтың емес, әр сала маманының, барлық азаматтардың ортақ үлесінің жемісі.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, менімен қатар қызмет атқарып жүрген барлық әріптестеріме, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан жерлестеріме алғыс айтамын! Ең басты марапат – елдің амандығы мен халықтың сенімі. Сол сенімді ақтау жолындағы еңбегімізді жалғастыратын боламыз, – деп жазады.

Бұл – шын мәнінде, тек марапат алу емес, халықпен бірге жасап жатқан істердің елдік деңгейде мойындалуы. Ел Президентінің қолдауымен жүзеге асып жатқан реформалар жергілікті жерлерде өз нәтижесін беруі үшін, дәл осындай іскер, білімді, елге жаны ашитын басшылардың болуы аса маңызды.

Ауданымызда соңғы жылдары байқалған серпін – инфрақұрылымдық жобалардан бастап, рухани бағыттағы шараларға дейінгі ауқымды жұмыстар – сол еңбектің айғағы.

Бұл марапат – тек атақ үшін емес, абырой мен жауапкершілікті арттыра түсетін рухани серпіліс. Ел сенімі – ең үлкен марапат екенін ұмытпай, халықтың амандығы мен жергілікті тұрақтылықты басты құндылық ретінде ұстанып отырған Жандос Еркінбектің ұстанымы – өзге де өңір басшыларына үлгі болары анық.

Ата Заңымыздың 30 жылдығы – өткенге тағзым, бүгінге мақтаныш, болашаққа бағдар. Осы мерейлі кезеңде ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегі еленіп жатқаны – елдің дамуына сенімнің, азаматқа құрметтің белгісі.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 қыркүйек 2025 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930