» » МЕРЕЙІМІЗ ҮСТЕМ БОЛДЫ

МЕРЕЙІМІЗ ҮСТЕМ БОЛДЫ

Қызылорда қаласында тәуелсіздік мерекесіне орай өткен салтанатты шарада аудан әкімі Сұлтан Мақашовқа "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісі табысталды. Мереке қарсаңында мерейіміз үстем болып, аймақ дамуы үшін сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар тұлғалар марапат мінберіне көтерілді.


Алашқа алғашқы астана болған Ақмешітте өткен айтулы шарада ел дамуына еңбегі сіңген азаматтардың айы оңынан туды. Елбасының 15 желтоқсандағы №798 Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдениет дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін майталман мамандарға мемлекеттік наградалар тағайындалған болатын.
Салтанатты жиында аудан әкімі С.Мақашов пен «Тұрмағамбет» ЖШС директоры Нұржан Пірмантаев «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды. Ал, «Ақтөбе и К» ЖШС механизаторы Нұрлан Әбдіхалықовқа Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы табысталды. Бұл – Елбасының аудан жұртшылығының еңбегіне берген оң баға. 
Мерекелік шарада аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы сөз етті. Сонымен қатар, түрлі саладағы 48 адам Қазақстан Республикасының ордендерімен және медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Сыр топырағынан түлеген үш бірдей азамат «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын иеленді. Олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов, Әбдуәли Баешов және «Айқын» газетінің бас редакторы, жазушы-журналист Нұртөре Жүсіп бар.
«ҚТ» ақпарат.
24 желтоқсан 2018 ж. 1 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 211

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930