» » ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осы бастама аясында аудан әкімдігінің мәжіліс залында еңбек адамдарына арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шара аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және маңдай терімен елге қызмет етіп жүрген жандарға құрмет көрсетуге арналды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған жылдың маңызына кеңінен тоқталып, еңбек адамдарының ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуы мен тұрғындардың күнделікті өмір сапасын арттырудағы өлшеусіз үлесін атап өтті.
– Қандай сала болсын, оның тірегі – еңбек адамы. Ауданымыздың тұрақты дамуы, елдің тыныстіршілігінің қалыпты жүруі сіздердің адал әрі тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – маңдай термен табыс тауып жүрген жандардың еңбегін лайықты бағалауға бағытталған маңызды бастама, – деді аудан әкімі Жандос Еркінбек.
Шара барысында ауылшаруашылығы, өндіріс, білім, медицина, мәдениет, коммуналдық қызмет пен кәсіпкерлік салаларында қажырлы еңбек етіп, аудан дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапаттар еңбек адамдарын ынталандырып қана қоймай, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, еңбек адамдарына ізгі лебіздерін білдірді. Олар адал еңбек пен жауапкершіліктің ел дамуы жолындағы маңызын атап өтіп, жұмысшы мамандық иелерінің еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Жиынды қорытындылаған Жандос Еркінбекұлы «Ауылшаруашылығы, өндіріс, білім, медицина, мәдениет және кәсіпкерлік салаларында атқарылып жатқан әрбір жұмыс – еңбек адамдарының күнделікті тынымсыз қызметінің айқын нәтижесі. Әр жетістіктің артында жауапкершілік пен адал еңбек жатыр. Әрбір жұмысшы – аудан дамуына үлес қосып отырған басты тұлға. Осы орайда барша еңбек адамдарына шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін» деп жылы лебізін білдірді.
Салтанатты қабылдау еңбек адамдарына деген құрметтің айқын көрінісіне айналып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«ҚТ» ақпарат
27 желтоқсан 2025 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 134
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 786

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031