» » Қармақшыда «Алғыс айту» күні аталып өтті

Қармақшыда «Алғыс айту» күні аталып өтті


qarmaqshy-tany.kz Бүгін Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай салтанатты, мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қатысып, қасиетті Қармақшы елінің ауызбіршілігі мен ынтымағы айрықша көрінетінін жеткізе келе барша жиналған жұртшылықты алғыс айту күнімен құттықтады.
Сондай-ақ, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы жолында адал еңбек етіп жүрген құрылысшыларға, дала дихандарына, ұлағатты ұстаздарға, ақ халатты абзал жандарға, мәдениет саласы қызметкерлері мен жыршы-жырауларға, тәртіп сақшыларына, өрт сөндірушілерге, коммуналдық сала мамандарына, еңбек адамдарына және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлесін қосқан ардагерлерге Қармақшы тұрғындары атынан шексіз алғысын білдірді.
Одан соң, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген сала мамандарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты іс-шара әрі қарай аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасып, жиналған көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

01 наурыз 2023 ж. 683 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 969
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031